Еспусинова Эльмира Жалгасқызы

    Мәслихаттың ішкі саясат және әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

    Еспусинова Эльмира Жалгасқызы
    Депутат маслихата

    Еспусинова Эльмира Жалгасқызы

    Мәслихаттың ішкі саясат және әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

    Өмірбаян

    1972 жылы 22 ақпанда Атырау облысы Махамбет ауданында дүниеге келген.

    Білімі-жоғары. 1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген.

    Еңбек жолы:

    • 1998 - 1999 ж. Индер ауданы Кулагино ауылындағы Кулагино мектеп гимназиясына, үйірме жетекшісі қызметін атқарған.
    • 2000 ж. Махамбет ауданы Махамбет ауылы О.Шонаев атындағы орта мектептің музыка пәні мұғалімі қызметін атқарған.
    • 2001 ж. 7 желтоқсанда Е.Ағелеуов атындағы орта мектебінде музыка пәні мұғалімі қызметін жалғастырды.
    • 2003 ж. 29 тамызынан бастап Махамбет ауылы Д.Төленов атындағы мектеп гимназиясына музыка пәні мұғалімі қызметіне қабылданып еңбек жолымды жалғастырды. Осы кәсіпорында кәсіби қызметі шыңдалып жоғарғы санатты және жоғары санаты расталған педагог дәрежесін қорғаған. Облыстық және Республикалық жинақтар мен басылымдарда тәжірибесі жарияланды, білім алушылар облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарға қатысып бас жүлделі орындармен марапатталды.
    • 2017 жылы 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 02.02.2015ж. №70 мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Махамбет аудандық білім бөлімінің конкурстық комиссия мәжілісінің 5.09.2017ж. №2 хаттамасының шешіміне сәйкес З.Ещанова атындағы аудандық балалар өнер мектебінің директоры лауазымына тағайындалды.

    Марапаттары

    2016 ж. аудан әкімінің «Өнегелі отбасы» алғысымен марапатталды.

    Көпбалалы ана, 30.05.2014 ж. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігінің «Лидер образования» медалімен марапатталды.

    «Amanat» партиясының мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері