
Өмірбаян
Байкенжеев Шахан Қуанышұлы 27 маусым 1968 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қызыләуліт ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген.
1975 жылы «Ильич атындағы орта мектеп» табалдырығын аттап 1985 жылы аяқтаған. Сол жылы «Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі» институтына түсіп, 1992 жылы «инженер-механик» мамандығын алған.
1986-1988 жылдары Совет армиясы қатарында әскери борышын өтеген.
1999-2001 жылдары Х.А. Яссауи атындағы Қазақ түрік университетінің «заңгер»мамандығын бітірген.
2003-2005 жылдары Х.А. Яссауи атындағы Қазақ түрік университетінің «қаржы бакалавры» бітірген.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық мәдениетін жетілдіру» бағдарламасы бойынша курсын алған.
2014 жылы «NAZARBAYEV UNIVERSITI» «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен кіші және орта бизнестің «топ менеджмент» бойынша білім алған.
Отбасылы ұл-қызы және 7 немересі бар.
1992 жылы Жамбыл қаласындағы №2554 автоколоннасында май құю станциясының операторы болып бастаған.
1993 жылы Қаратау мұнай базасына ауысып, онда станция операторынан директордың коммерциялық сұрақтары бойынша орынбасарына дейінгі қызметтерді атқарған.
1996 жылы «Қаратаумунайөнімдері»АҚ президенті болған.
1998-2000 жылдары «Транс-Оил» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры болып тағайындалған.
2000-2002 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық бас кеден басқармасында инспектор қызметін атқарған.
2004-2010 жылдар аралығында Жамбыл ауданы Әділет басқармасының бастығы қызметін атқарған.
2010-2011 жылдары Жамбыл облысы Дін істер департаментінің директоры қызметін атқарған.
2011 жылдан бері «Қуаныш» шаруа қожалығының басшысы.





