
Өмірбаян
Әбдібеков Талап Нышанбекұлы - 1971 жылы 12 сәуірде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Өрнек ауылында дүниеге келген.
Ұлтты - қазақ.
Білімі - жоғары. 1989 жылы Жамбыл ауданындағы №21 орта кәсіптік-техникалық училищесін, 1989 жылы Ресей Федерациясы Тюмень қаласындағы Тюмень ауылшаруашылық институтын «Зоо-инженер» мамандығы, 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша аяқтаған.
Отбасылы - екі ұл, бір қыз тәрбилеуде.
Еңбек жолын 1994 жылы Ресей Федерациясы Тюмень облысы Армизон ауданындағы инкубатор құс станциясында зоотехник болып бастаған.
1994-1996 жылдары Крупская атындағы ұжымшарда тауарлы-қой фермасы меңгерушісінің көмекшісі, 1996-1997 жылдары тауарлы сүт фермасының бастығы, 1998-2001 жылдары «Бірлік» шаруа қожалығында жанар-жағармай қоймасының меңгерушісі, 2001-2002 жылдары №17 кәсіптік мектебінде оқу өндірісінің шебері, 2004-2007 жылдары Өрнек ауылындағы №17 кәсіптік лицейдің педагог психологы болып қызмет атқарған.
2007 жылдың тамыз айынан бастап №17 Жамбыл колледжінің директоры болып қызмет атқаруда.
«Amanat» партиясының мүшесі. Жамбыл аудандық мәслихатының VI-VII шақырылым депутаты болып сайланған.





