
Өмірбаян
Малдыбаев Нышанбек Сматұлы - 1964 жылы 6 қаңтарда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бірлесу-Еңбек ауылында дүниеге келген.
Ұлтты - қазақ.
Білімі - жоғары. 1984 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын «Тарих-педагогика» мамандығы, 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Психология» мамандығы бойынша бітірген.
Отбасылы - екі ұл тәрбиелеуде.
Еңбек жолын 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы М.Ғабдулин атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған.
1992-1994 жылдары Ә.Тарази атындағы орта мектебінің мұғалімі, 1994-2000 жылдары Ә.Тарази атындағы орта мектебінің директоры, 2005-2008 жылдары Б.Кейкиев атындағы орта мектебінің директоры болып қызмет атқарған.
2008 жылдан бастап Аса ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.





