Стамқұлов Алтай Әбдіжапарұлы

    депутат

    Стамқұлов Алтай Әбдіжапарұлы
    Депутат маслихата

    Стамқұлов Алтай Әбдіжапарұлы

    депутат

    Өмірбаян

    Стамкұлов Алтай Әбдіжапарұлы - 1986 жылы 24 мамырда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Шайқорық ауылында дүниеге келген.

    Ұлтты - қазақ.

    Білімі жоғары. 2003-2007 жылдары Тараз политехникалық колледжінде «Қаржы және аудит», 2007-2010 жылдары Жамбыл гуманитарлық техникалық университетінде «Қаржы», 2011-2013 жылдары Жамбыл гуманитарлық техникалық университеті «Құқықтану» мамандықтары бойынша аяқтаған.

    Отбасылы - екі ұл тәрбилеуде.

    Еңбек жолын 2010 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында жастар практикасы жобасымен бастаған.

    2010-2012 жылдары Тараз қаласындағы «Жүйке аурулар интернат үйінде» есепші-кассир, мемлекеттік сатып алу менеджері, 2013-2016 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде маман, бөлім басшысы, 2016-2017 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары, 2017-2018 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарған.

    2018 жылдың мамыр айынан бастап Жамбыл ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың орынбасары қызметін атқарады.

    «Amanat» партиясының мүшесі. Жамбыл аудандық мəслихатының VII шақырылым депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері