
Өмірбаян
Тоқсаба Жандар Жамбылұлы - 1990 жылы 9 қаңтарда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Пионер ауылында дүниеге келген.
Ұлты - қазақ.
Білімі - жоғары. 2013 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.
Үйленген – бір ұл тәрбиелеуде.
Еңбек жолын 2013 жылы Пионер ауылдық округінің іс-қағаздарды жүргізу жөніндегі инспектор болып бастаған. 2015-2021 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары болып қызмет атқарған.
2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып қызмет атқарып келеді.
«Amanat» партиясының мүшесі. Жамбыл аудандық мәслихатының VII-шақырылым дептутаты болып сайланған.





