Саттыбаев Құрмет Есмұратұлы

    Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

    Саттыбаев Құрмет Есмұратұлы
    Руководитель управления

    Саттыбаев Құрмет Есмұратұлы

    Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    1993 жылы 2 қаңтарда Омбы қаласында дүниеге келген.
    Екі жоғары білімі бар: 2014 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша; 2017 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын "Есеп және аудит"мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2014 жылы Қарағанды қаласы, ҚР ДСМ және СР "Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы" РМҚК-да зерттеуші-тағылымдамашы қызметінен бастады.

    2015 жылдан 2017 жылға дейін – Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" КМҚК ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, статистик-дәрігер, Қарағанды қаласы.

    2017 жылдан 2020 жылға дейін - №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы, медициналық-әлеуметтік сараптама әдіснамасы және бақылау бөлімінің бас маманы, Ақмола облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті Департаментінің №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы, Көкшетау

    2020 жылдан 2022 жылғы тамызға дейін-Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті медициналық-әлеуметтік сараптама басқармасының бас сарапшысы, Нұр-сұлтан Қ.

    2022 жылдың қазанынан 2025 жылдың қаңтарына дейін - Жезқазған қаласы Ұлытау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.

    2025 жылғы 13 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін-Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы