
Амамбаев Ербол Бахитжанұлы
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары
Өмірбаян
Ақмола облысында 1984 жылғы 17 наурызда туған.
2005 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген.
2023 жылы Гуманитарлық-техникалық академиясын бітірген, Көкшетау қ., «Экономика» мамандығы бойынша, экономикалық ғылымдардың магистрі.
2005 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген.
2005 жылғы 12 ақпаннан бастап 2007 жылғы 21 қыркүйекке дейін Зеренді а. «Зеренді ауданы білім және спорт бөлімі» ММ бухгалтері болып еңбек атқарған.
2007 жылдан 2008 жылға дейін Еңбекшілдер ауданы Казгородок ауылында - жеке кәсіпкер.
2008 жылғы 3 қарашадан бастап 2009 жылғы 1 наурызға дейін - Ақмола облысы статистика департаментінің ауылшаруашылық статистикасы бөлімінің жетекші маманы міндеттерін атқарушы.
2009 жылғы 1 наурыздан бастап 2009 жылғы 1 қарашаға дейін - Ақмола облысы статистика департаментінің ауылшаруашылық статистикасы бөлімінің жетекші маманы.
2009 жылғы 1 қарашадан бастап 2011 жылғы 16 мамырға дейін - Ақмола облысы статистика департаментінің респонденттермен жұмыс басқармасының жетекші маманы.
2011 жылғы 16 мамырдан бастап 2013 жылғы 1 ақпанға дейін - Ақмола облысы статистика департаментінің ауылшаруашылық статистикасы басқармасының жетекші маманы.
2013 жылғы 1 наурыздан бастап 2013 жылғы 11 маусымға дейін - Ақмола облысы статистика департаментінің ауылшаруашылық статистикасы басқармасының бас маманы.
2013 жылғы 11 маусымнан бастап 2014 жылғы 10 қарашаға дейін – Ақмола облысы Статистика департаментінің Ерейментау ауданы статистика басқармасының басшысы.
2014 жылғы 10 қарашадан бастап 2016 жылғы 17 мамырға дейін – «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақмола облысының Статистика департаменті» РММ Ерейментау ауданы статистика басқармасының басшысы.
2016 жылғы 17 мамырдан бастап 2017 жылғы 26 шілдеге дейін - «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақмола облысының Статистика департаменті» РММ Зеренді ауданы статистика басқармасының басшысы.
2017 жылғы 27 шілдеден бастап 2020 жылғы 11 қарашаға дейін – «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақмола облысының Статистика департаменті» РММ басшысының орынбасары.
2020 жылғы 11 қарашадан бастап 2021 жылғы 27 сәуірге дейін – «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары.
2021 жылғы сәуірден бастап 2022 жылғы желтоқсанға дейін – «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ басшысы.
2022 жылғы желтоқсаннан бастап – «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары.





