
Тәтібаев Талғат Әріпжанұлы
"Тасашы ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің құрылымдық бөлімше басшысы
Өмірбаян
Тәтібаев Талғат Әріпжанұлы 1989 жылы 4 қазанда Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара ауылында дүниеге келген. Әкесі Бабаханов Арипжан Татибаевич орман шаруашылығы саласында қызмет еткен анасы Есимова Рысжан Спатаевна ауылдық балабақшада қызмет етіп кейіннен кәсіпкерлікпен айналысып зейнетке шыққан. Тәтібаев Талғат Әріпжанұлы 1996 жылы Қарқара орта мектебіне 1 сыныпқа барған. 1998 жылы Қаскелең қаласындағы С. Керімбеков атындағы орта мектепте 1999 жылы Қаскелең қаласындағы "Абай" атындағы гимназияда, 2000 жылы Алматы қаласындағы №147 метеп гимназиясында оқып, 2007 жылы Қарқара орта мектебінде 11 сыныпты аяқтады. 2007 жылы Алматы қаласындағы "Қазақтың спорт және туризм академиясына" оқуға түсіп Туризм менеджері мамандығы бойынша жоғары білім алып,2011 жылы оқу орнын тәмамдады. 2009 жылы Тұрсынова Ақмарал Мұрытқазымен отау құрып , қазіргі таңда 5 баласы бар.
Тәтібаев Талғат Әріпжанұлы;
2011 жылы Үшқоңыр орта мектебінде мұғалім.
2012-2017 жылдары жеке кәсіпкер
2017-2019 жылдары компания "Ивета"
2019-2021 жылдары спорт нұсқаушы "Қарқара ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
2021-2023 жылдары жетекші маман "Қарқара ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
2023 жылдан қазіргі қызметі "Тасашы ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ - нің құрылымдық бөлімше басшысы.