
Оспанов Ералы Серикович
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі
Өмірбаян
1982 жылғы 9 желтоқсанда Қарағанды қаласында туылған.
Екі жоғары білім бар.2007 жылы «Саясаткер. Саясаттану оқытушысы» мамандығы бойынша Қарағанды қаласының «Болашақ» институтын тәмамдаған. 2012 жылы «Құқықтану бакалавры»мамандығы бойынша Қарағанды экономикалық университетін тәмамдады.
Еңбек қызметін 2007 жылы инспектор мамандығы бойынша Қарағанды қаласының №1 халыққа қызмет көрсету орталығында бастады.
2008 жылғы қазан айы мен 2009 жылғы қыркүйек айы аралығында Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімінде әлеуметтік жұмыс бойынша бас маман болып қызмет атқарды.
2009 жылғы қыркүйек айынан 2011 жылғы қараша айына дейін Қарағанды қаласы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық бөлімде басшы болып қызмет атқарды.
2011 жылғы қараша айынан 2012 жылғы сәуір айына дейін Астана қаласындағы Көлік және коммуникация Министрлігінде Транспорттық бақылау комитетінің автокөлік транспортын бақылау жөніндегі басқармасында сарапшы болып қызмет етті.
2012 жылғы сәуір айынан 2013 жылғы наурыз айына дейін Астана қаласындағы табиғи монополияларды реттеу Агенттігінде стратегиялық жоспарлау департаментінің стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және жалпы методология бойынша сарапшысы болып жұмыс істеді; Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау басқармасында талдау жұмыстары бойынша бас сарапшы болып қызмет істеді.
2013 жылғы наурыз айынан 2015 жылғы тамыз айына дейін Қарағанды облысы әкімінің аппаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы болып жұмыс істеді, ішкі-экономикалық байланыс және хаттама бөлімінің басшысы болды. 2015 жылғы тамыз айынан 2016 жылғы сәуір айына дейін Қарағанды облысы әкімінің көмекшісі болып қызмет атқарды.
2016 жылдан 2023 жыл аралығында Саран қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.
2023 жылдың 26 сәуірінен бастап Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі болып тағайындалды.

