
Руководитель управления
Қонысбаева Бибігүл Тишанқызы
Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы
Өмірбаян
Қонысбаева Бибігүл Тишанқызы 1975 жылы 19 қазанда Өзбек ССР-ы Ташкент қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Орал қаласындағы еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген. Мамандығы «Қаржы және несие».
Әр түрлі жылдары:
- Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы қаржы бөлімінің халық шаруашылығын қаржыландыру жөніндегі аға экономисі, Шыңғырлау ауылы
- Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы халық шаруашылығын қаржыландыру бөлімінің II санатты экономисі, Орал қаласы
- Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы халық шаруашылығын қаржыландыру бөлімінің І санатты экономисі, Орал қаласы
- Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы бюджет бөлімінің аға маманы, Орал қаласы
- Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы бюджет бөлімінің жетекші маманы, Орал қаласы
- Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы мемлекеттік бағалы қағаздар және ақша-несие саясаты бөлімінің бас маманы, Орал қаласы
- Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы бюджет бөлімінің жетекші маманы, Орал қаласы
- Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасының жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау және бақылау бөлімінің бастығы, Орал қаласы.
- Батыс Қазақстан облыстық қаржы департаменті Бюджетті атқару процестерін үйлестіру және талдау бөлімінің бастығы, Орал қаласы, .
- Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасының бюджетті атқару процестерін үйлестіру және талдау бөлімінің бастығы, Орал қаласы
- Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бастығы, Орал қаласы
- Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, Орал қаласы
- Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Орал қаласы
- Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Орал қаласы
- Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі
- Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты хатшысы
- 30.03.2023 жылдан бастап – Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы

