
Олжабай Кенжебек Мамашбайұлы
Сегізінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Кенжебек Мамашбайұлы Олжабай 1960 жылы 11 сәуірде Жамбыл облысы, Талас ауданы, Бостандық ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технологиялық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2006 жылы Тараз интистутын тарих бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1982 жылы №154 қалалық кәсіптік-техникалық училищесінде өндірістік оқыту шебері, комсомол комитетінің хатшысы болып бастаған.
1989 -1992 жылдар аралығында Жамбыл облыстық комсомол комитетінің облыстық студенттер жасақтары, Алматы қаласында Қазақстан комсомолы Орталық комитетінде Республикалық жастар ғылыми-экономикалық бірлестігі студенттік отрядтар штабында сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1993-2008 жылдар аралығында Тараз қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінде бас маман, әкімнің көмекшісі, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды.
2008-2010 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының төрағасы, 2011-2016 жылдар аралығында Тараз қалалық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2016-2020 жылдар аралығында Тараз қаласы әкімінің орынбасары, 2020-2023 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2023 жылдың 30 наурызынан бастап сегізінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының төрағасы.
