Смайылов Бауыржан Амангелдіұлы

    Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі

    Смайылов Бауыржан Амангелдіұлы
    Депутат маслихата

    Смайылов Бауыржан Амангелдіұлы

    Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі

    Өмірбаян

    1967 жылы 23 наурызда Ақмола облысы Астрахан ауданы Жарсуат ауылында дүниеге келген.

    Білімі:

    • Целиноград ауылшаруашылық институты (1991 ж.).
    • Қазақ мемлекеттік заң академиясы (2001 ж.).
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Дипломатиялық академиясы. (2005 ж.).
    • Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет академиясы (2007 ж.).
    • Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар. Диссертациясы тақырыбы: «АӨК-де шағын кәсіпкерлікті дамыту».

    Еңбек қызметі:

    • 25.04.1984 ж. - 01.09.1984 ж. – Целиноград облысы Теңіз ауданы Талдысай совхозының жұмысшысы;
    • 1985-1987 жылдары - Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді;
    • 01.06.1991 ж. -13.12.1993 ж. – Целиноград ауданының «Рассвет» ауылының бас экономисі;
    • 05.01.1994 ж. - 30.07.1997 ж. - бірқатар шағын және орта бизнес коммерциялық кәсіпорындарының басшысы;
    • 20.08.1997 ж. - 27.08.2007 ж. – «Ақмола Құрылыс Материалдары» ЖШС бас директоры, Астана қаласы;
    • 27.08.2007 ж. -16.11.2011 ж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV сайланым депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі;
    • 16.01.2012 ж. -11.06.2014 ж. – «Ақмола Құрылыс Материалдары» ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы;
    • 12.06.2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Қалқаман-Жылжымайтын мүлік» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы.

    Мемлекеттік наградалары, мерейтойлық медальдары:

    • «Ерен еңбегі үшін» медалі (1999 ж.),
    • «Құрмет» ордені (2005 ж.),
    • «Парасат» ордені (2018 ж.),
    • 10 мерейтойлық медаль,
    • ҚР «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі.

    Қосымша ақпарат:

    Қазақ, орыс, ағылшын (ауызекі) тілдерін меңгерген.

    Отбасылық жағдайы:

    Үйленген, үш баласы бар.

    Партиялық тиістілік:

    «AMANAT» партиясының мүшесі.

    2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласы мәслихаты VIII сайланымының депутаты болып сайланды.

    Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері