Орынбасаров Азамат Манасұлы

    Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі

    Орынбасаров Азамат Манасұлы
    Депутат маслихата

    Орынбасаров Азамат Манасұлы

    Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі

    Өмірбаян

    1992 жылы 4 қарашада Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

    Білімі:

    • Қазақстан сәулет-құрылыс академиясы (2015 ж.), «Құрылыс» мамандығы.

    Еңбек қызметі:

    • 2014-2016 жж. – «Керуен Групп» ЖШС жалпы бөлімінің бастығы, басқарушы директоры, бас директоры;
    • 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Qamqor Qurylys» құрылыс компаниясының бас директоры.

    Мемлекеттік наградалары, мерейтойлық медальдары:

    • Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық алғысы» мерейтойлық медалі
    • «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі.
    • Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
    • Ауданда қоғамдық маңызы бар және қайырымдылық іс-шараларды өткізуге белсенді қатысқаны үшін Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімінің атынан «Жыл адамы – 2021» атағы берілген. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының дамуына қосқан үлесі үшін «ШАЛҚАР АУДАНЫНА-90 ЖЫЛ» төсбелгісімен марапатталған;

    Қосымша ақпарат:

    • Елордалық мәслихаттың VII сайланымының депутаты болған.

    Отбасылық жағдайы:

    Үйленген, ұлы бар.

    Партиялық тиістілік:

    «AMANAT» партиясының мүшесі.

    2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының депутаты болып сайланды.

    Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері