
Депутат маслихата
Оразалина Динара Аманболқызы
Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары
Өмірбаян
1978 жылы 31 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі:
- Қазақ мемлекеттік медицина институты, Алматы қаласы, «Дәрігер» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығы (2001 ж.).
- Қазақ мемлекеттік медицина академиясының интернатурасы, Астана қаласы, «Терапевт» мамандығы (2002 ж.)
- Қазақ мемлекеттік медицина академиясы, Астана қаласы, «Провизор» мамандығы (2004 ж.).
- Almaty Management University магистратурасы, Астана қаласы, «Master of business administration (MBA)» мамандығы (2017 ж.);
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Бизнес және басқару саласының магистрі (2025 ж.);
- 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін PhD докторантурада оқиды.
Еңбек қызметі:
- 1999 - 2001 жж – реанимация медбикесі;
- 2002 - 2003 жж. – «Диасорб» медициналық орталығының дәрігері;
- 2003 - 2005 жж. – Қазақстан Республикасы ҰҚК республикалық емханасында терапевт дәрігер;
- 2005 - 2006 жж. – Қазақстан Республикасы ҰҚК Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының терапевт-сарапшы дәрігері;
- 2006 - 2010 жж. – «Диасорб» медициналық орталығы директорының орынбасары;
- 2010 - 2017 жж. – «Диасорб» медициналық орталығының бас дәрігері;
- 2017 - 2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысы ардагерлеріне арналған Орталық клиникалық госпиталь» ШЖҚ РМК директорының орынбасары;
- 2019 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысы ардагерлеріне арналған Орталық клиникалық госпиталь» ШЖҚ РМК директоры.
Мемлекеттік наградалары, мерейтойлық медальдары:
- «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісі (2016 ж.).
Партиялық тиістілік:
«AMANAT» партиясының мүшесі.
2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары




