
Өмірбаян
Әбдібеков Талап Нышанбекұлы, 1971 жылы 12 сәуірде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Өрнек ауылында дүниеге келген.
1978-1988 ж.ж. Жамбыл ауданындағы Н.Крупская атындағы орта мектепте білім алған.
1988-1989 жылдары Жамбыл ауданындағы №21 орта кәсіптіктехникалық училищесін үздік дипломмен бітірген.
1989 жылы Тюмень ауылшаруашылық институтының «зоо-инженер» бөліміне оқуға түсіп, 1994 жылы бітіріп шыққан.
Үйленген 2 ұлы бар.
1994 жылы 7 сәуір айында Тюмень облысы Армизон ауданы Армизон селосындағы инкубаторлы құс станциясында зоотехник болып қызмет атқарған.
1994 жылы қазан айында Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Н.К.Крупская атындағы колхозында товарлы қой фермасында ферма меңгерушісінің көмекшісі болып жұмыс атқарған.
1996 жылы қараша айынан бастап, товарлы сүт өндіру фермасының меңгерушісі болып қызметін атқарған.
01.09.1998 жылы Н.Крупская колхозының тарауыена байланысты жұмыстан босатылып, «Бірлік» шаруа қожалығында жанар-жағармай меңгерушісі болып қызмет атқарған.
10.10.2001 жылы жұмыстан өз еркімен шығып, 12.10.2001. жылы жеке еңбек келісім шарт бойынша Жамбыл ауданындағы №17 кәсіптік мектебіне оқу өндірісінің шебері ретінде жұмысқа қабылданған.
2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университетінің «Тарих, құқық жане экономика негіздері» мамандығы бойынша сырттай оқуға түсіп, 2004 жылы осы мамандық бойынша бітіріп шыққан.
01.04.2004.жылы №17 кәсіптік мектебінде педагог-психолог қызметіне ауыстырылған.
10.07.2007 жылы №17 кәсіптік лицей директоры болып тағайындалдым жане сол қызметті қазірде атқаруда.





