
Рахимов Нұржан Бектұрғанұлы
Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Рахимов Нұржан Бектұрғанұлы, 1981 жылы 13 ақпанда Көкшетау қаласында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1998-2003 жылдары Көкшетау Университетінің «Арна» филиалында «Қолданбалы экология» мамандығы бойынша оқыды. 2003 жылдың қараша айында ҚР ІІМ ішкі әскер қатарына шақырылды.
Еңбек жолын 2004 жылы Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/4 мекемесінің режимдік бөлімінің жедел уәкілі болып бастады.
2005 жылғы қаңтар-мамыр аралығында-Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті кезекші қызмет колониясы бастығының кезекші көмекшісінің Ақмола облысы бойынша орынбасары.
2005 жылғы қаңтар-мамыр аралығында-Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті кезекші қызмет колониясы бастығының кезекші көмекшісінің Ақмола облысы бойынша орынбасары.
2005 жылғы мамырдан 2011 жылғы шілдеге дейін-Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы қызмет, мекеме бастығының режимдік-жедел жұмыс жөніндегі орынбасары.
2011 жылғы қазаннан 2013 жылғы тамызға дейін-Ақмола облысы Атбасар ауданы Атбасар қ. «Атбасар ОАА» ШЖҚ МКК заңгері.
2013 жылғы тамыздан 2015 жылғы қазанға дейін-Ақмола облысы «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің басшысы.
2015 жылғы қазаннан 2015 жылғы желтоқсанға дейін – «Ақмола облысы бойынша экология департаменті» РММ мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы мемлекеттік экологиялық инспекторы.
2016 жылғы маусымнан 2016 жылғы қыркүйекке дейін-Ақмола облысы «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы.
2016 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың тамызына дейін-Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.
2017 жылдың тамызынан 2020 жылдың тамызына дейін – «Атбасар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2020 жылғы тамыздан 2022 жылғы наурызға дейін-Ақмола облысы «AMANAT» партиясы Атбасар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2022 жылдың наурызынан 2023 жылдың наурызына дейін- «AMANAT» партиясы Атбасар аудандық филиалының атқарушы хатшысы.
2023 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы болып табылады.