
Өмірбаян
Сарсенбаев Ғаппар Амантайұлы, 1974 жылы 6 желтоқсанда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген.
1992 жылы Түркістан қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебін бітіріп, 1992-1994 жылдары Ақмола қаласында (қазіргі Астана) Отан алдындағы әскери борышын өтеген. 1999-2003 жылдары аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің экономика факультетінде «Экономика және менеджмент» мамандығы және 2010-2012 жылдары Шымкент қаласындағы Академиялық-инновациялық университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамамандығы бойынша екі жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 1998 жылы Түркістан қаласындағы «Жолаушы» ЖШС-і президентінің көмекшісі қызметінен бастаған. 2006-2007 жылдары Түркістан қалалық автовокзалы директорының орынбасары, 2007-2013 жылдары «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайында қызмет атқарған.
Түркістан қалалық мәслихатының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші шақырылымдардағы депутаты болып сайланған. 2015 жылғы 5 тамыз күні Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық төртінші сессиясында бесінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы, 2016 жылы наурыз айынан 2021 жылғы қаңтар аралығында алтыншы шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы қызметін атқарған.
2022 жылдың мамыр айының 6 жұлдызынан бастап «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы болып тағайындалды.
2023 жылдың қаңтар айының 10 жұлдызынан бастап бүгінгі уақытқа дейін «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы болып қызметін атқарды.
2023 жылғы 30 наурызда өткен сегізігші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының бірінші сессиясында Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды.
Самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, Ұлттық спорт төрағасы, самбо күресінен спорт шеберлері арасында 2012-2014 жылдар аралығында өткен Қазақстан біріншілігінде қатарынан екі рет жеңімпаз, Түркістан қаласында жыл сайын өтетін қазақ күресінен дәстүрлі «Тайқазан» турнирін ұйымдастыруға атсалысты.
Отбасында төрт ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 1998 жылы Түркістан қаласындағы «Жолаушы» ЖШС-і президентінің көмекшісі қызметінен бастаған. 2006-2007 жылдары Түркістан қалалық автовокзалы директорының орынбасары, 2007-2013 жылдары «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайында қызмет атқарған.
Түркістан қалалық мәслихатының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші шақырылымдардағы депутаты болып сайланған. 2015 жылғы 5 тамыз күні Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық төртінші сессиясында бесінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы, 2016 жылы наурыз айынан 2021 жылғы қаңтар аралығында алтыншы шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы қызметін атқарған.
2022 жылдың мамыр айының 6 жұлдызынан бастап «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы болып тағайындалды.
2023 жылдың қаңтар айының 10 жұлдызынан бастап бүгінгі уақытқа дейін «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы болып қызметін атқарды.
2023 жылғы 30 наурызда өткен сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының бірінші сессиясында Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды.
Жетістіктері:
2008 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Құрмет грамотасы
"Білім саласында мінсіз қызметі үшін" медалі
2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне "Ел Тәуелсіздігіне - 20 жыл" мерекелік медалі