
Өмірбаян
Махмутов Ерболат Хабиболлаұлы 1962 жылы 13 сәуірде Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Таушық кентінде дүниеге келген.
1981 жылы Кологрив зоотехникалық техникумын зоотехник, 1988 жылы Батыс Қазақстан Ауыл шаруашылығы институтын зооинженер мамандықтары бойынша бітірген.
04.1981 – 05.11.1981 ж.ж. Аудандық ауыл шаруашылық басқармасы, еңбек ақы жөніндегі экономист;
11.1981 – 05.1986 ж.ж. Аудандық комсомол комитетіне нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі;
05.1986 – 03.1987 ж.ж. Маңғыстау аудандық оқу бөлімі шаруашыдық тобының инженері;
03.1987 – 03.1992 ж.ж. Маңғыстау аудандық кеңес атқару комитеті, әкімшілік комиссиясының хатшысы, жалпы білім меңгерушісі;
04.1992 – 01.1994 ж.ж. Халық депутаттары аудандық кеңесі аға референт, іс басқарушысы;
01.1994 – 08.1995 ж.ж. Аудандық экономика басқармасының маманы;
08.1995 – 12.1997 ж.ж. Аудандық әкімдік бас маманы;
02.1998 – 02.2001 ж.ж. Маңғыстау аудандық мәдениет бөлімі, бас маман;
02.2001 – 03.2006 ж.ж. «Өрлеу» мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директор;
03.2006 – 10.2008 ж.ж. Маңғыстау ауданы әкімі аппараты басшысы;
10.2008 – 05.2010 ж.ж. Маңғыстау ауданы әкімі орынбасары;
08.2010 – 04.2012 ж.ж. «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
18.04.2012 – 11.06.2012 ж.ж. Маңғыстау ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы;
11.06.2012 – 01.2023 ж.ж. Маңғыстау ауданы әкімі орынбасары;
30.03.2023 жылдан бастап Аудандық Мәслихат төрағасы;