Шерер Виктор Викторович

    Денисов аудандық мәслихатының төрағасы

    Шерер Виктор Викторович
    Председатель маслихата

    Шерер Виктор Викторович

    Денисов аудандық мәслихатының төрағасы

    Өмірбаян

    Шерер Виктор Викторович, 1982 жылы 04 қазанда Қостанай облысы Денисов ауданы Денисовка ауылында дүниеге келген.

    2 жоғары білімі бар: 2005 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша және 2008 жылы Қазақстан Ресей университетін «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1999 жылдан 2005 жылға дейін Денисов ауданы Фрунзенское ауылының «Фрунзенское» ЖШС ветеринариялық дәрігері болып бастады, содан кейін 2007 жылдан 2011 жылға дейін «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешеннің Денисов аудандық аумақтық инспекциясы» ММ мемлекеттік инспекторы лауазымында жұмыс істеді.

    2013 жылдан бастап «Денисов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.

    2020 жылдың наурызынан 2023 жылдың наурызына дейін «AMANAT» партиясының Денисов филиалының төрағасы болды.

    2021 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін VII сайланған Денисов аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.

    2023 жылғы наурыздан бастап №1 сайлау округі бойынша VIII сайланған Денисов аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.

    2023 жылғы 30 наурызда Денисов аудандық мәслихатының төрағасы қызметіне сайланды.

    «AMANAT» партиясының мүшесі.

    Партиялық наградасы бар: «Белсенді қызметі үшін» төсбелгі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері