Касымова Алма Жантемірқызы

    Аққулы аудандық мәслихатының төрағасы

    Касымова Алма Жантемірқызы
    Председатель

    Касымова Алма Жантемірқызы

    Аққулы аудандық мәслихатының төрағасы

    Өмірбаян

    Касымова Алма Жантемірқызы 1972 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысы Лебяжі ауданы Лебяжі ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі жоғары. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Павлодар педагогикалық институтын және «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша Мемлекеттік статтың бухгалтерлік есеп кадрларын қайта даярлаудың Республикалық салааралық институтын тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1993 жылы Лебяжі ауданы Бесқарағай орта мектебінде мұғалімі ретінде бастаған. Содан кейін Лебяжі ауданының аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері, Лебяжі ауданының "Қазы "ауылдық тұтыну кооперативінің бухгалтері, Лебяжі ауданының "Димака" ЖШС Бас бухгалтері, Лебяжі ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің маманы, Лебяжі ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің меңгерушісі, Лебяжі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, Лебяжі ауданы әкімі аппаратының басшысы, Лебяжі ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары. Жалпы еңбек өтілі 29 жыл.