Касимов Медет Алмасбекович

    Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

    Касимов Медет Алмасбекович
    Председатель маслихата

    Касимов Медет Алмасбекович

    Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    ӨМІРБАЯН ӨМІРБАЯН ӨМІРБАЯН

    Мен, Касимов Медет Алмасбекович 29.10.1988 жылы бұрынғы ОҚО, Мақтарал ауданы, Қазыбек би ауылында дүниеге келдім. Жоғары білімдімін. 2009 жылы Алматы қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтадым 2010-2011 жыл аралығында Шымкент қаласында орналасқан ҚР Ішкі істер министрлігінің 6506 әскери бөлімінің барлауында әскери борышымды өтедім.

    Еңбек жолын 2012 жылдың басынан Жұмыспен қамту орталығының маманы болып бастап, 2013 жылдың екінші жартысынан бастап аталған орталықта бөлім басшысы болып тағайындалдым. 2018 жылы 1 қаңтарда Халықты жұмыспен қамту орталығында директордың орынбасары болып тағайындалдым. Сол уақыттан бері бүгінгі таңға дейін орынбасар қызметін атқарып келемін. Сонымен қатар 2022 жылдың тамыз айынан бері Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы болып жұмыс жасаймын. Отбасылымын, 1 ұл, 3 қызым бар.

    Жетісай ауданы мәслихаты депутаттығына №1 сайлау округінен

    Қасымов Медет Алмасбекұлының сайлауалды БАҒДАРЛАМАСЫ

    Өз округім болып табылатын Жетісай қаласынан Жетісай аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған жағдайда, Жетісай қаласы тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық, мәдени және тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін өзімнің бар күш-жігерімді салатын боламын.

    Осыған орай, кезек күттірмейтін мәселелерді шешу үшін төмендегі сайлауалды бағдарламамды Сіздерге ұсынып отырмын:

    1. Бірінші кезекте, Жетісай қаласынан сайланған маслихат депутаттарымен бірлесіп депутаттық топ құрып Жетісай қаласын дамыту жөніндегі жоспарымды әзірлеймін. Бұл ретте міндетті түрде сайлаушыларымның ұсыныс-пікірлерін қатаң басшылыққа аламын, әр тоқсан сайын сайлаушыларымның алдында есеп беретін боламын.
    1. Барлық аудан тұрғындары жиналатын ауданымыздың орталығы Жетісай қаласын көркейту, көгалдандыру және тазалық мәселесіне аса үлкен назар аударып, жүйелі жұмыстарды жүргізу үшін бюджеттен қажетті қаржы бөлуге ықпал жасаймын. Сонымен қатар тек қана бюджетке ғана салмақ артып қоймай, үлкен қалалардағыдай бекітілген апталық кестеге сәйкес қоқыстарды шығаруына ықпал жасап, тұрғындармен тікелей келісім-шарт жасау арқылы коммуналдық мекемелердің өзін-өзі қаржыландыру жөнінде азаматтар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргіземін.
    1. Өзімнің қызмет атқарып жүрген салам, әлеуметтік сала болғандықтан, осы саладағы проблемалық мәселелер маған жақынырақ таныс, осыған орай осы бойынша көптеген жұмыстар жасаймын. Атап айтар болсам, көп балалы отбасыларына, жалғызілікті қарттар, асыраушысынан айырылған, қамқорлықсыз қалған отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға мемлекет тарапынан қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жәрдем беретын боламын. Одан бөлек мемлекеттен берілетін жәрдемақылардың кедергісіз алуына ықпал жасаймын.
    1. Тұрғын-үй кезегіндегі осал топтағы отбасыларға, оның ішінде жастар мен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үйдің кезекке сәйкес берілуіне көмек қолымды созамын.
    1. Жастар мен жасөспірімдерге білім мен ғылымға, спортқа құштарлығын арттыруға, сабақтан тыс уақыттарда бос уақыттарын тиімді өткізуіне, кәсіпкерлікті меңгеруге ықпал жасаймын.
    1. Жетісай қаласындағы ең өзекті мәселелерінің біріне айналған, Т.Дайрашев көшесінің бойында орналасқан Ш.Уалиханов атындағы ЖОМ құрылысын жеделдетіп және сапалы аяқтатуға бар күш-жігерімді саламын.
    1. Жетісай қаласының тұрғындарын толық сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, ауызсудың 24 сағат тоқтаусыз берілуіне жауапты мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізетін боламын.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері