Топорова Лариса Викторовна

    Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы

    Топорова Лариса Викторовна
    Депутат маслихата

    Топорова Лариса Викторовна

    Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы

    Өмірбаян

    Туған күні: 30.07.1964 ж.

    Ұлты: орыс

    Білімі: жоғары; Көкшетау университеті

    Мамандығы: экономист-қаржыгер

    Жұмыс орны, лауазымы: Жамбыл ауданының мәслихаты, мәслихат төрайымы

    Партиялығы: «AMANAT» партиясы

    Марапаттар: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (10.11.2011ж.), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 10 жылдығы құрметіне құрмет грамотасы; ауыл шаруашылық министрінің құрмет грамотасы (2014ж.); Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің құрмет грамотасы (03.2017ж.)

    Үй мекен-жайы: Пресновка а., С.Мұқанов к-сі,184

    Тел.: (8-715-44) 2-19-44 (жұм.)

    (8-715-44) 2-21-26 (үй)

    8-777-325-65-78

    Еңбек жолын 1982 жылы мемлекеттік кірістер инспекторы лауазымында бастады, Преснов аудандық қаржы бөлімінің аға экономисті, аға салық тексерушісі-мемлекеттік кірістер инспекторы болып жұмыс істеді. 1988 жылдың тамыз айынан бастап «Сунжа» кооперативінде бухгалтер болып жұмыс істеді. 1996 жылдан бастап Жамбыл аудандық қаржы бөлімінде орталықтандырылған бухгалтериясында бухгалтер болып, кейін аудандық қаржы басқармасының жоспарлау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2000 жылдың сәуірінен бастап 2006 жылдың қаңтары аралығында «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығының орынбасары қлауазымында жұмыс істеді. 2006 жылдан бастап 2013 жылдың наурызына дейін «Жамбыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бастығы. 2013 жылдың наурыз айында аудан әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды және 2021 жылдың қаңтарына дейін осы лауазымда қызмет атқарды.

    2021 жылғы 18 қаңтардан бастап 2023 жылғы 20 қаңтарға дейін жетінші шақырылған Жамбыл ауданы мәслихатының хатшысы, төрайымы.

    2023 жылдың 30 наурызынан бастап аудан депутаттарымен бірауыздан сегізінші шақырылған Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы болып сайланды.

    «AMANAT» партиясының мүшесі. Екі баласы бар.

    Марапаттары: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасы, құрмет грамоталары және алғыс хаттар.