Ракишева Айман Ғалымжанқызы

    Қонаев қаласы мәслихатының төрағасының м.а.

    Ракишева Айман Ғалымжанқызы
    Төраға м.а.

    Ракишева Айман Ғалымжанқызы

    Қонаев қаласы мәслихатының төрағасының м.а.

    Өмірбаян

    1970 жылы 21 маусымда Астана қаласында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медициналық институтында оқып, дәрігер мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласында Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында акушер-гинеколог болып бастады. Қазіргі уақытта Қонаев қаласының көпсалалы қалалық ауруханасының бас дәрігері. Қонаев қаласы мәслихатының VІII шақырылымының депутаты. "AMANAT" партиясынан ұсынылған.

    №3 сайлау округінің депутаты

    Шекаралары:

    3-шағын аудан: №4, № 6, № 7, № 8, № 14, № 16, № 18, № 19, № 20-дан №23-ке дейін, № 24А, №24Б, №24Г, №26, №27.

    «Ивушка» шағын ауданы;

    Қонаев көшесі, Абай көшесі, Қойшыманов көшесі, Қонаев қаласының полиция басқармасы.

    📰 Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары:
    ✅ Қонаев қаласындағы білім беру, денсаулық сақтау және спорт мәселелеріндегі өзекті іс-шаралардың шешімін табуға атсалысамын;
    ✅ Депутат және дәрігер ретінде, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ары қарайда үлесімді қоса беремін;
    ✅ Қонаев қаласының тұрғындарын жұмысқа орналастыруға қолдау көрсетемін;
    ✅ Білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласындағы жас мамандардың тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша өзекті сұрақтарын көтеремін;
    ✅ Өз округімдегі көшелерді, аулаларды абаттандыруға, жарықтандыруға үлесімді қосамын;
    ✅ Коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелерді шешу үшін, Қонаев қаласында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға белсене атсалысамын;
    ✅ Қонаев қаласында сыбайлас жемқорлықпен күресу, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша сұрақтарды күн тәртібінде бірінші орынға қоямын;
    ✅ Қонаев қаласындағы мемлекеттік бағдарламалар аясында мемлекеттен бөлінген қаржының тиімді жұмсалуына атсалысамын.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері