
Өмірбаян
Әділет Әлібекұлы Орынбасаров 1993 жылдың 25 қазаны күні Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде дүниеге келген. М.Әуезов атындағы орта мектептің түлегі. Ұлты– қазақ.
Білімі жоғары. Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ-дың филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2013 жылы «Жайық Пресс» ЖШС Теректі аудандық филиалы «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» қоғамдық-саяси газетінің фототілшісі боп бастаған.
2016-2019 жылдары «Жайық Пресс» ЖШС Теректі аудандық филиалы «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» қоғамдық-саяси газетінің жауапты хатшысы боп тағайындалды.
2019 жылдың желтоқсан айынан күні бүгінге дейін «Жайық Пресс» ЖШС Теректі аудандық филиалы «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы болып қызмет атқарады.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
Үйленген. Бес баланың әкесі.




