
Өмірбаян
№ 4сайлау округі бойынша
Теректі аудандық мәслихатының депутаты
Ибраев Мирхат Мақсотұлы, 1980 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылында дүниеге келген.
Білімім– жоғары. М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «информатика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын қазақ жалпы орта білім беретін мектебіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2006-2014 жылдары «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының референті, есеп және статистика секторының меңгерушісі, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің консультанты болып қызмет атқарған. 2014-2018 жылдары Теректі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы қызметін атқарған.
2018-2019 жылдары Теректі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2019 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында Теректі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2019 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының төрағасы болып жұмыс жасап келеді.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
«ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен және «Белсенді қызметі үшін» партиялық медалімен наградталған.
Екі бала тәрбиелеп отыр.




