
Өмірбаян
№ 9сайлау округі бойынша
Теректі аудандық мәслихатының депутаты
Бисенов Мұрат Сатанович 1973 жылы 12 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Приречное ауылында дүниеге келген. Білімі - арнаулы орта, Бөрлі ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993-ші жылы Приречное ауылында жедел жәрдем жүргізушісі болып бастаған.
1996-2000 жылдары «Нарыков» шаруашылығында жүргізуші болып істеген.
2000-2017 жылдары «Бисен» шаруашылығында жұмысшы болып істеген.
2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Бисен» шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарады.
«АMANAT» партиясының мүшесі.
2021 жылы «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Отбасылы, 2 ұл, бір қыз бала тәрбиелеп отыр.




