
Өмірбаян
2007 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай заң институтын тәмәмдаған.
Арнайы атағы – полиция подполковнигі.
2007–2020 жылдары учаскелік инспектор, жедел уәкіл, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл қызметтерін атқарды. Қызмет барысында криминалдық полиция және қоғамдық қауіпсіздік салаларында еңбек етті.
2020–2022 жылдары Қарағанды облысы Полиция департаменті Жаңаарқа ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2022–2026 жылдары Ұлытау облысы Полиция департаменті Қаражал қаласы полиция бөлімінің бастығы болды.
2026 жылдың наурыз айынан бастап Ұлытау облысы Полиция департаменті Жаңаарқа ауданы полиция бөлімінің бастығы қызметінде.


