Мурзагалиев Куаныш Самигуллович

    Мәслихат депутаты

    Мурзагалиев Куаныш Самигуллович
    Депутат маслихата

    Мурзагалиев Куаныш Самигуллович

    Мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    1981 жылы 27 наурызда Орал облысы Бәйтерек ауданы Котельников ауылында дүниеге келді. 1997 жылы Краснов орта мектебін бітірді.

    2001 жылы "Еуразия" Менеджмент және тілдер институтын "Экономика және менеджмент" мамандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолын 2003 жылы "АвтоЛадаСервис" ЖШС автомобильдерді сату жөніндегі менеджері болып бастады, сол жылы "АвтоЛадаСервис" ЖШС Атырау филиалының директоры болып тағайындалды.

    2006 жылы "АвтоЛадаСервис "ЖШС филиалдық және дилерлік желісінің директоры болып ауыстырылды. 2007 жылы "Орал Мицубиши орталығы" директоры болып тағайындалды.

    2008 жылдан бастап "Орал-Кров-Авто" ЖШС-де атқарушы директор лауазымында жұмыс істеді.

    2011 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Everest Trade Company" ЖШС құрылтайшысы және директоры болып қызмет атқарады.

    Тэквондо спортымен, ауыр атлетикамен, бокспен белсенді айналысады.

    Үйленген, үш баласы бар.

    2023 жылғы 19 наурызда №11 Мичурин сайлау округінен сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері