
Өмірбаян
1964 жылы 23 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Николаевка ауылында туылған.
Білімі жоғары, 1986 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1986 жылы Көкшетау облысы Куйбышев ауданы, Червонный ауылы, «Червонный» совхозында ЗАВ-20 машинисті болып бастады.
1986 жылдан 1988 жылға дейін – Кеңес Армиясы қатарында қызмет. Әскерден кейін түрлі салаларда жұмыс істеді, түрлі лауазымдарды атқарды, соның ішінде 1993-1995 жылдары «Алматы» кеңшарында бас инженер болып жұмыс істеді.
2009 жылғы тамыз айынан 2012 жылғы ақпан айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Николаевка ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.
2012 жылғы қаңтар айынан 2016 жылғы наурыз айына дейін аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының Бірінші орынбасары лауазымын атқарды, аудандық мәслихаттың V шақырылымының депутаты болды.
2016 жылғы маусым айынан 2023 жылғы наурыз айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдың 30 наурызынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының төрағасы.