
Малкина Татьяна Викторовна
Мәслихат депутаты
Өмірбаян
19.11.1974 жылы Орал облысы Приурал ауданы Чиров ауылында дүниеге келді. 1992 жылы балабақша тәрбиешісі ретінде еңбек жолын бастады, содан кейін Чиров мектебінде неміс тілі мұғалімі болып жұмыс істеді. 1995 жылы тұрмысқа шығып, 1996 жылы Раздольный орта мектебіне мұғалім болып қызметімді ауыстырды.
2004 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің орыс тілі және шет тілі пәндерінің мұғалімі ретінде диплом алды.
2011 жылдан 2017 жылға дейін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды. 2017 жылдың қараша айында Раздольный ЖОББМ – нің директоры болып тағайындалды.
2022 жыл – «Сала қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымына қосқан ерекше еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Тұрмыста, екі қызы бар.
2023 жылғы 19 наурызда №8 Рубежин сайлау округінен сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды.


