
Мурзина Алина Игоревна
Мәслихат депутаты
Өмірбаян
1988 жылы 3 желтоқсанда Орал қаласында дүниеге келді. 2011 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
М. Шолохов мемориалдық мұражайында экскурсовод болып жұмыс істейді.
2015 жылдан бастап «Әдеби өлкетану» үйірмесінің жетекшісі бола отырып, қоғамдық негізде Бәйтерек ауданының жастар саясатын дамытумен айналысады.
Мәдениет және қоғамдық қызмет саласындағы жоғары нәтижелері үшін Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен (2018 ж.), Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Құрмет грамотасымен (2012 ж., 2019 ж.) марапатталды.
2017 жылғы 20 шілдеден бастап «AMANAT» партиясының мүшесімін. «Арна» ҚБ мүшесі.
2023 жылғы 19 наурызда №7 Дариян сайлау округінен сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды.


