
Досжанов Алмас Асанович
Басшы орынбасары
Өмірбаян
1973 жылғы 3 шілдеде дүниеге келген, ұлты қазақ, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Шілікті ауылының тумасы. Жоғары білімді,
Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техниқалық университеті «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау» бітірген. 17 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
1992-1996 жж. - «Каменка совхозы» тұқым агрономы
2001-2002 жж. – Ұлан ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің агроном маманының міндетін атқарушы
2002-2002 жж. - Ұлан ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы
2002-2004 жж. - Ұлан ауданының әкімдігінің мемлекеттік инспекциясы, бас маман.
2004-2005 жж. – «Ұлан ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-сінің бас маманы
2005-2006 жж. - Шығыс Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару басқармасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі Өскемен қаласының қалалық бөлімінің жетекші маманы
2006-2008 жж.- Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Зырян қаласы бойынша облыстың өкілі-бас маманы
2008-2009 жж. – «ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Өңіраралық жер инспекциясы» ММ-нің Шығыс Қазақстан облысы бойынша бас маманы
2009-2012 жж-. «ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Өңіраралық жер инспекциясы» ММ Шығыс Қазақстан облысы бойынша бөлімінің бастығы
2012-2015 жж- «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы» ММ-сінің бөлім басшысы-мемлекеттік инспекторы
2015-2017 жж. - "Шығыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" ММ-нің жердің пайдалануы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы-мемлекеттік инспекторы
2017 жылғы қарашадан бастап жердің пайдаланылуы мен қорғауды бақылау басқармасының басшы орынбасары болып тағайындалды
Марапаттар:
"Үздік жерге орналастырушы" құрметті дипломы.





