
Карткужакова Асель Набиулловна
Мәслихат депутаты
Өмірбаян
1985 жылы 26 қарашада БҚО, Зеленов ауданы, Первосоветское ауылында дүниеге келді. 2003 жылы Первосовет орта мектебін бітірді.
2008 жылы – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық университетінде «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша, 2011 жылы – Еуразия академиясын «Экономика» мамандығы бойынша, 2014 жылы – Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінен «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтап шықты.
2008 ж. - Зеленов ауданы №13 ПШ хатшысы;
2008-2011 Зеленов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде аграрлық саясат жөніндегі бас маманы;
2011-2014 жж Зеленов ауданы әкімі аппараты, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы,
бас инспекторы, бөлім басшысы;
2014 жылдың қазіргі уақытқа дейін БҚО кәсіпкерлер палатасының Бәйтерек ауданы бойынша филиалының директоры болып жұмыс жасап келеді.
2015 жылдан «АМАНАТ» партиясы облыстық филиалының Бақылау-тексеру комиссиясының мүшесі. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы Батыс Қазақстан облысының іскер әйелдер кеңесінің мүшесі.
2023 жылғы 19 наурызда №2 Зеленый сайлау округінен сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды.
2024 жылғы 14 мамырда Бәйтерек ауданы мәслихатының №14-2 шешімімен аудандық мәслихат депутаты А. Н. Карткужакованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.


