
Сексенов Нұрбек Балтабекұлы
Бұланды аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Сексенов Нұрбек Балтабекұлы, 1977 жылы 20 сәуірде Ақмола облысында, Еңбекшілдер ауданында, Карл Маркс ауылында дүниеге келген.
1993 жылы Еңбекшілдер ауданы Карл Маркс ауылының орта мектебін бітірген. 1993 жылы Қостанай қ. А. Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университетіне оқуға түсті , тарих факультетіне. Университетті 1998 жылы тарих пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметі:
1995 жылдан 2002 жылға дейін Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Мақпал орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
2002 жылдан 2003 жылға дейін Ақмола облысы Бұланды ауданының №2 Макинск орта мектебінде әдіскер болып жұмыс істеді.
2003 жылдан 2004 жылға дейін ҚР ҚК қатарында қызмет атқарды.
2004 жылдан бастап орман шаруашылығы саласында еңбек жолын бастады.
2008 жылдан бастап "Нұр"ЖК директоры болып жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап "Байсуат" ЖК директоры болып қабылданды, 2016 жылдан бастап өз еркімен "Нұр" ЖК және "Байсуат"ЖК қызметінен босатылды. 2017 жылдан бастап "Болашақ Орман" ЖШС директоры болды, 2023 жылдың 04 сәуірінен бастап сенімгерлік басқаруға берілді.
Марапаттары бар: "Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіптер Одағы "Қоғамдық бірлестігінің" Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін " медалі (2021 ж.); Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Алғыс хаты (2022 ж.); Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаевтың Алғыс хаты (2019 ж.); көптеген алғыс хаттар, грамоталар. Н. Назарбаев атындағы Жоғары бизнес университеттің оқу сертификаты бар.
2020 жылдың мамыр айынан бастап "AMANAT" партиясының мүшесі.
2023 жылғы 30 наурыздан бастап Бұланды аудандық мәслихатының депутаты болып табылады.
2023 жылғы 30 наурыздан бастап Бұланды аудандық мәслихатының төрағасы болып сайланды.
