Хайруллиев Мұса Қарашаұлы

    Атырау облыстық мәслихатының төрағасы

    Хайруллиев Мұса Қарашаұлы
    Председатель маслихата

    Хайруллиев Мұса Қарашаұлы

    Атырау облыстық мәслихатының төрағасы

    Өмірбаян

    Хайруллиев Мұса Қарашаұлы - 1984 жылы 27 ақпанында Атырау қаласында дүниеге келген.

    Білімі жоғары, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау мамандығының тау-кен инженер-мұнайшысы. Экономика ғылымдарының магистрі.

    2007 жылы -Атырау Мұнай және газ институты "Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау" мамандығы;

    2012 жылы - Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті "Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау" мамандығы, біліктілігі: "құрылыс менеджері тау-кен инженері-мұнайшы".

    2016 жылы -Атырау Мұнай және газ институты "жерге орналастыру" мамандығы, біліктілігі: "қызмет көрсету саласындағы Бакалавр".

    2018 жылы - Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің "Экономика" мамандығы, біліктілігі: "экономика ғылымдарының магистрі".

    2010 ж.- "Атырау Ген жоспары" ЖШС директоры;

    2014-2016 ж.- "ЖерҒӨО" РМК Атырау филиалы директорының орынбасары міндетін атқарушы;

    2016 ж. - Атырау облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті директорының орынбасары;

    2016-2018 ж - Маңғыстау облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің директоры;

    2018 ж.- 2023 ж 30 наурызына дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Ке АҚ Атырау облысы бойынша филиалы директоры;

    2023 ж. 30 наурызынан бастап Атырау облыстық мәслихатының төрағасы;

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері