
Әлімғазинов Бақытжан Темірбекұлы
"Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ басшысы
Өмірбаян
Бақытжан Темірбекұлы 1985 жылы туған, екі жоғары білімі бар. 2009 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Сәулет» мамандығы бойынша, 2012 жылы «Құрылыс» мамандығы бойынша аяқтаған, 2019 жылы аталған жоғарғы оқу орнында «Құрылыс» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.
Еңбек жолын 2007 жылы дизайнер болып бастады. 2009 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар қаласының «Геодезия, картография және құрылыс» МКҚК сәулетшісі болып жұмыс істеді. 2012-2016 жылдар аралығында облыс орталығының жобалау ұйымдарында қызмет атқарды. 2016 жылдан 2019 жылға дейін Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, 2019-2020 жж. Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болды. 2020-2021 жылдары Облыс құрылыс басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2021 жылдан 2023 жылға дейін EPC management бағыты бойынша Астана қаласының жобалау және құрылыс компанияларында қызмет етті. 2023 жылғы 14 наурызда Павлодар облысы әкімінің өкімімен Бақытжан Темірбекұлы Әлімғазинов "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ-нің басшысы болып тағайындалды.