
Ахметнабиева Меруерт Жумабековна
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Ахметнабиева Меруерт Жұмабекқызы 1983 жылы 3 мамырда ШҚО Катонқарағай ауданы Жұлдыз ауылында дүниеге келген. 1989 жылдан 2000 жылға дейін Жұлдыз орта мектебінде оқыды. 2000 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түсті.
2005 жылы «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірді. 2005 жылдан 2007 жылға дейін «ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мемкемесінде жетекші маман, 2007 жылдан 2009 жылға дейін бас маман болып жұмыс істеді. 2009 жылдан 2012 жылға дейін "ШҚО әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесінде облыс әкімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді. 2012 жылы "ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінде бас маманы болып жұмыс істеді. 2013 жылдан 2016 жылға дейін "ШҚО қаржы басқармасы"мемлекеттік мекемесінде бас маманы, бөлім басшысы болып жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап ШҚО қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.
