
Сахипов Жарас Бақтыбайұлы
Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша Өңіраралық байланыс инспекция басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл
Өмірбаян
Сахипов Жарас Бақтыбайұлы 1974 жылы 8 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жұбан Молдағалиев атындағы ауылда дүниеге келген.
1996 жылы Алматы қаласында, академик Қаныш Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін (радиотехника және байланыс факултетінің, автоматтандырылған электрбайланыс инженері мамандығы бойынша) аяқтады.
2007 жылы Орал қаласында, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетін (экономика бакалавры мамандығы бойынша) аяқтады.
2018 жылы «Үздік байланысшы» құрметті атағымен марапатталды.
Еңбек жолын 1996 жылдың 5 тамызында Орал қалалық телеграф-телефон станцасының өндірістік техникалық лабораториясына инженер лауазымынан бастады.
2002 жылдың 20 маусымында «Қазақтелеком» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясы техникалық пайдалану орталығының өндірістік техникалық лабораториясы басшысы лауазымына тағайындалды.
2006 жылдың 6 қаңтарында «KazTransCom» АҚ Орал қаласындағы байланыс цехының жетекші инженері лауазымына тағайындалды.
2007 жылдың 8 қазанында ҚР Ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс басқармасының радиоэлектрондық құрылғыларды тіркеу, есепке алу, радиожиілік спектрін тағайындау және лицензиялау бөлімінің басшысы лауазымына қабылданды.
2009 жылдың 20 сәуірінде ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 12 бабы 2 бөліміне сәйкес, аудару тәртібімен ҚР Ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің Қостанай облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
2010 жылдың 8 маусымында ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпарататтандыру комитетінің Қостанай облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.
2012 жылдың 23 сәуірінде ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қостанай облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.
2014 жылдың 12 мамырында ҚР Байланыс және ақпарат Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.
2014 жылдың 1 қарашасында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Қостанай облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.
2015 жылдың 25 мамырында ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 27 бабы,1 бөлімі, 1 бөлімшесіне сәйкес, өз еркімен жұмыстан босатылды.
2015 жылдың 3 тамызынан «Ұлттық телеком» ЖШС Директордың орынбасары лауазымына қабылданды.
2018 жылдың 11 сәуірінде ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі Телекоммуникациялар комитеті, Байланыс саласындағы бақылау басқармасында бас сарапшы лауазымына тағайындалды.
2019 жылдың 23 сәуірінде ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Байланыс саласындағы бақылау басқармасында бас сарапшы лауазымына тағайындалды.
2020 жылдың 20 сәуірінен бастап қазіргі уақытта ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды, Ұлытау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы басшысы лауазымына тағайындалды.



