
Сайлаугазинова Бибигуль Касенгазизовна
Ұйымдастыру жұмысы және адам ресурстарын басқару бөлімі басшысы
Өмірбаян
Сайлаугазинова Бибигуль Касенгазиновна 1973 жылы 29 қаңтарда Семей облысы Ерназар ауылында дүниеге келдім. Ұлтым-қазақ. 1990 жылы Қ. Сәтбаев атындағы орта мектепті бітірді. 1995 жылы Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтын "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша бітіріп, "Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі" біліктілігі.
Еңбек жолын Семей медициналық институтында Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып бастады. 1998 жылы негізгі қызметкердің шығуына байланысты жұмыстан шығарылды. 1999 жылдан 2002 жылға дейін Семей қаласының "Жәмила" мекемесінде Қазақ тілі пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеді. 2003 жылдан 2013 жылға дейін Семей қаласының "Бизнес колледжі" КМҚК Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеді. 2013 жылдан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін "Семей қаласы бойынша білім бөлімі" ММ әдіскері болып жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "№28 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ-де қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
2022 жылдың 20 қыркүйегінен бастап Абай облысының білім басқармасында жұмыс істейді.

