
Белижанов Данияр Сайлауұлы
"Көксу ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" ММ-нің басшысы
Өмірбаян
Данияр Сайлауұлы Белижанов, 1983 жылы 10 қазанда Алматы облысы Көксу ауданы Мұқыры ауылында дүниеге келген. 2006 жылы академик Жолдасбеков атындағы институтта Құқықтану мамандығы бойынша жоғары білім алды.
Еңбек жолымды 2008 жылы 01 мамырда Көксу аудандық прокуратурасының сақшы қызметінен бастадым.
2008 жылдың 01 қазанында осы лауазымнан өз еркіммен жұмыстан босатылдым. Қызмет атқарған ұйым Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық ауылында орналасқан.
2008 жылдың 23 қазанында Мұқыры ауылдық әкімі аппаратының жетекші маманы лауазымына қабылдандым. Қызмет атқарған ұйым Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық ауылында орналасқан.
2010 жылдың 06 мамырында Мұқыры ауылдық әкімі аппаратының жетекші маманы лауазымынан өз еркіммен босатылып, Мұқыры ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымына тағайындалдым. Қызмет атқарған ұйым Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық ауылында орналасқан.
Осы қызметтен 2015 жылдың 29 қыркүйегінде өз еркіммен босатылдым. Қызмет атқарған ұйым Жетісу облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылында орналасқан.
2015 жылдың 29 қыркүйегінде Мұқыры ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалдым. Осы қызметтен 2017 жылы тамыз айының 14-і өз еркіммен босатылдым. Қызмет атқарған ұйым Жетісу облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылында орналасқан.
2017 жылы тамыз айының 14-і Балпық ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы лауазымына тағайындалдым. 2017 жылы 22 қарашада өз еркіммен босатылдым. Қызмет атқарған ұйым Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық ауылында орналасқан.
2017 жылы 22 қарашада Лабасы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметіне тағайындалдым. 2018 жылы 02 тамызында өз еркіммен қызметтен босатылдым. Жетісу облысы, Көксу ауданы, Мәмбет ауылында орналасқан.
2018 жылы 02 тамызында Мұқыры ауылдық әкімі аппаратының бас маманы лауазымына тағайындалдым. Қызмет атқарған ұйым Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық ауылында орналасқан.
2024 жылы 22 қазанында Мұқыры ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымынан босатылып, «Көксу ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы қызметіне тағайындалдым. Қызмет атқарып жатқан ұйым Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық ауылында орналасқан.





