Бәтпенов Саят Нұрланұлы

    Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі

    Бәтпенов Саят Нұрланұлы
    Депутат маслихата

    Бәтпенов Саят Нұрланұлы

    Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі

    Өмірбаян

    1986 жылы 18 наурызда Астана қ. дүниеге келген.

    Білімі:

    • 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін,
    • 2008 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін,
    • 2013 жылы Ресей СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.

    Мамандықтары бар:

    • «Қаржы және қаржы құқығы»;
    • «Экономика»;
    • «Іскерлік әкімшілендіру»(МВА).
    • «Халықаралық мұнай-газ бизнесі»,

    Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерін меңгерген.

    Еңбек жолын 2006 жылы заңгер; жетекші заңгер; "Цеснабанк" АҚ Астаналық филиалының заң бөлімінің бастығы болып бастаған.

    Солтүстік Каспий жобасы департаментінің менеджері; «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілетті органның техникалық тобының менеджері (Атырау қ. және Лондон қ., Ұлыбритания), «Алиби Холдингі» ЖШС Қаржы департаментінің маманы және Инвестициялық департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

    QazProm-Minerals ЖШС бас директоры.

    Үйленген, төрт бала тәрбиелеуде.

    «AMANAT» Партиясының мүшесі.

    2021 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері