Байсеркина Динара Сәтжанқызы

    Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі

    Байсеркина Динара Сәтжанқызы
    Депутат маслихата

    Байсеркина Динара Сәтжанқызы

    Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі

    Өмірбаян

    1974 жылы 1 қаңтарда Қарағанды облысында дүниеге келген.

    Білімі:

    • 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.
    • Медицина ғылымдарының кандидаты.

    Еңбек қызметі:

    Еңбек жолын Қарағанды қ. Аймақтық акушерлік-гинекологиялық орталығында акушер-гинеколог дәрігер ретінде бастады, содан кейін Қарағанды қаласының гинекологиялық бөлімшесінің акушер-гинеколог дәрігері болды.

    • 1998 жылдан 1999 жылға дейін Булаев АОА отоларинголог дәрігері, 1999 жылдан 2000 жылға дейін Петропавл қаласының перинаталдық орталығының оңалту бөлімшесінің акушер-гинеколог дәрігері болып жұмыс істеді. 2000 жылдан 2006 жылға дейін Астана қаласы «Демеу» үлгілі отбасылық дәрігерлік амбулаториясы МКҚК акушер-гинеколог дәрігері болып жұмыс істеді.
    • 2010-2011 жылдары Астана қаласының Жастар денсаулық орталығының меңгерушісі, кейін Астана қаласының алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
    • 2012-2013 жылдары – Астана қаласы «Медикер» ЖШС медицина орталықтарының жұмысын ұйымдастыру департаментінің директоры, 2013-2015 жылдары-Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 6 қалалық емхана» МКК ақылы бөлімінің меңгерушісі.
    • 2015-2016 жылдары-Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 6 қалалық емхана» МКК балалар және босандыру жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары.
    • 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ

    «№ 6 қалалық емхана» МКК директоры.

    Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар:

    • Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;
    • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі;
    • «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі.

    «AMANAT» Партиясының мүшесі.

    2021 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.

    Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері