
Өмірбаян
Алтишев Еркін Оразұлы
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары
Алтишев Еркін Оразұлы 1987 жылы Сарысу ауданы, Байқадам ауылында дүниеге келген.
Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2008 жылы - М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын, 2020 жылы – Мирас университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006-2009 «Шахан» ЛТД ЖШС-де бастаған.
2010 - 2013 жылдары Шымкент қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған бейімделу орталығында» кадр жөніндегі инспектор;
2013-2017 жылдары «Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бас маман;
2017-2018 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің бас инспекторы;
2018-2020 жылдары «Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;
2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Заң және мемлекеттік сатып алу бөлімінің» басшысы;
2021-2024 жылдары «Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметтерін атқарған.
2024 жылдың 17 сәуірінен бастап Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды.
