
Жұманов Нұржан Алтынбекұлы
Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1987 жылы 13 маусымда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
«География және Заңтану» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.
2009 жылдың қыркүйек айынан бастап Сырдария ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі қызметінен бастаған.
2010 жылы Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы
2011 жылы Сырдария аудандық білім бөлімінің бас маманы
2012 жылы 2 ақпаннан бастап Сырдария аудандық әкімдіктің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
2012 жылдың 6 сәуірінен бастап Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы
2013 жылдың 1 шілдесінен бастап Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасының балалардың құқықтарын қорғау және адамның адамгершілік рухани дамуы бөлімінің бас маманы
2014 жылдың 15 сәуірінен бастап Қызылорда облысы білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы
2021 жылдың 6 сәуірі мен 11 мамыры аралығында Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас маманы - Кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi облыстық комиссияның хатшысы
2021 жылдың 1 маусым мен 2024 жылдың 31 қаңтар аралығында Қызылода облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесі балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
2024 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы қызметін атқаруда

