Арыстанқұлова Гүлсара Мерейқызы

    Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Арыстанқұлова Гүлсара Мерейқызы
    Посол

    Арыстанқұлова Гүлсара Мерейқызы

    Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Өмірбаян

    1971 жылы 15 қазанда дүниеге келген.

    Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Страсбург қаласының Гуманитарлық ғылымдар университетін және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Халықаралық қатынастар бейіні бойынша доктор.

    Дипломатиялық қызметін 1998 жылы Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің атташесі ретінде бастады. ҚР СІМ-де ТМД істері жөніндегі комитеттің екінші, бірінші хатшысы, Халықаралық ақпарат комитетінің басқарма басшысы лауазымдарын атқарды. 2003-2007 жылдары Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде екінші, одан кейін бірінші хатшы болып жұмыс істеді.

    2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында қызмет атқарды. Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

    Француз және ағылшын тілдерін меңгерген.

    Тұрмыс құрған, ұлы бар.