
Ергалиева Гульзат Кажгалиевна
"Әлихан Бөкейхан ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" КММ басшысы
Өмірбаян
Ергалиева Гүлзат Қажығалиқызы, 1966 жылғы 9 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келді.
1984 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түсті.
1989 жылы аталған университеттің «Құқықтану» мамандығы бойынша толық аяқтап, жоғары білім алды.
1989-1992 жылдары 5 наурызға дейін Жезқазған облысы Қаражал қалалық атқару комитетінде заң кеңесшісі қызметін атқарды.
1992-1999 жылдары Қарағанды облыстарының прокуратура органдарында қызмет атқарып, Сәтбаев қаласы прокурорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
2000-2004 жылдары Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде аға оқытушы қызметін атқарды.
2004 жылдан бастап Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды Агро Центр» КТП мекемесінде заң кеңесшісі қызметін атқарды.
2005–2010 жылдары аталған КТП мекемесінде директордың орынбасары қызметін атқарды.
2010 жылы КТП-ның қайта ұйымдастырылуына байланысты «Береке – 2010» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне ауыстырылды.
2017 жылы «Береке – 2010» АҚ-ның таратылуына байланысты жұмыстан босатылды.
2018 жылдың 3 қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» КММ басшысы қызметінде жұмыс істейді.



