Батырашев Дәулет Қасекенұлы

    Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы, Черногориядағы, Босния және Герцеговинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Батырашев Дәулет Қасекенұлы
    Елші

    Батырашев Дәулет Қасекенұлы

    Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы, Черногориядағы, Босния және Герцеговинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Өмірбаян

    1993 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген.

    Еңбек жолын 1993 жылы бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде қызмет атқарып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары болды.

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Министрлік Аппаратының басшысы және Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші қызметтерін атқарған.

    Шетелдегі дипломатиялық қызметінде Ұлыбритания мен Нидерландта жұмыс істеді. Қазақстан Республикасының Амстердамдағы Бас консулы және Қазақстан Республикасының Нидерландтағы Уақытша сенімді өкілі болды. 2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінде Кеңесші-уәкіл қызметін атқарған.

    2014-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2019-2025 жылдары Қазақстан Республикасының Португалиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

    2025 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. 2025 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Черногориядағы, сондай-ақ Босния және Герцеговинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарады.

    Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

    Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері