
Мырзағалиева Айгүл Абайқызы
Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысының м.а.
Өмірбаян
Мырзағалиева Айгүл Абайқызы
1975 жылғы 2 шiлдеде Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген.
Қазақ мектебіндегі орыс тіл мен әдебиеті мамандығы бойынша жоғары білімі бар.
1996 жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының «Есептеу техникасы және информатика» кафедрасының лаборанты қызметінен бастаған.
1998 жылы № 36 мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
1999 жылы № 7 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2001 жылы Ғ.Мұратбаев атындағы № 171 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2006 жылы Ғ.Мұратбаев атындағы № 171 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
2006 жылы Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдіскері
2008 жылы Қызылорда қалалық білім бөлімінің жетекші маманы
2008 жылы Қызылорда облысының білім басқармасының жетекші маманы
2011 жылы Қызылорда облысының білім басқармасының бас маманы
2012 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау департаменті Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы
2016 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау департаменті Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы
2020 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары
2023 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
2024 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бөлім басшысы қызметін атқаруда.

