
Шынтеміров Қабыкен Ағыбайұлы
Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Қабыкен Ағыбайұлы Шынтеміров, 1962 жылы 1 қаңтарда Ақмола облысы Қорғалжын ауданының XXII партсъезі атындағы совхозда дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі-жоғары. 1988 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын агрономия мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 01.07.1979 жылы Краснознамен ауданы "Жұлдыз" совхозында тракторшы болып бастаған. Әскери қызметке шақырылуына байланысты 01.05.1980 жылы жұмыстан шығарылды.
1980 жылы мамырда Астрахан әскери комиссариатымен Қарулы Күштерге шақырылды, Балтық әскери округінің Калининград қаласында сержант шенімен жеке батальондық байланыстың байланысшысы ретінде қызмет етті.
«Қазақстан Маслихаттарына 20 жыл» мерейтой медалі - 15.04.2014 ж., «I дәрежелі Еңбек даңқы» төс белгісі - 16.12.2016 ж. марапатталған,
04.05.1980 жылдан 15.05.1982 жылға дейін – Кеңес Армиясы қатарында қызмет ету, Калининград қаласы, Балтық әскери округі. Қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты запасқа шығарылды.
01.06.1982 жылдан 01.12.1982 жылға дейін – Краснознамен ауданы "Жұлдыз" совхозының тракторшысы. Оқуға түсуіне байланысты жұмыстан шығарылды.
01.12.1982 жылдан 27.08.1983 жылға дейін – Целиноград қ. Целиноград ауыл шаруашылығы институтының дайындық бөлімінің тыңдаушысы.
27.08.1983 жылдан 31.03.1988 жылға дейін – Целиноград қ. Целиноград ауыл шаруашылығы институтында оқу. Оқуын аяқтауға байланысты оқудан шығарылды.
03.05.1988 жылдан 04.12.1991 жылға дейін – Краснознамен ауданы "Жұлдыз" совхозының агроном – тұқым өсірушісі. Басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан шығарылды.
04.12.1991 жылдан 05.04.1998 жылға дейін – Краснознамен ауданы "Жұлдыз" совхозының бас агрономы. Мемлекеттік қызметке кіруіне байланысты жұмыстан босатылды.
18.10.1999 жылдан 12.04.2001 жылға дейін – ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасының Мемлекеттік нан инспекторы, Көкшетау қаласы. Басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан шығарылды.
13.04.2001 жылдан 13.07.2001 жылға дейін – ҚР АШМ Егіндікөл аудандық аумақтық басқармасы бастығы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы, Егіндікөл ауданы. Лауазымға орналасуына байланысты босатылды.
02.10.2001 жылдан 08.06.2004 жылға дейін-ҚР АШМ Егіндікөл аудандық аумақтық басқармасы бастығының орынбасары, Егіндікөл ауданы. Басқа лауазымға тағайындалуына байланысты босатылды.
08.06.2004 жылдан 01.01.2005 жылға дейін – Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы.Бөлімді қайта құру кезінде басқа лауазымға тағайындалуына байланысты атқаратын лауазымынан босатылды.
01.01.2005 жылдан 01.01.2006 жылға дейін – Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы. Бөлімді қайта құру кезінде басқа лауазымға тағайындалуына байланысты атқаратын лауазымынан босатылды.
01.01.2006 жылдан 16.01.2006 жылға дейін – Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының міндетін атқарушы. Лауазымға тағайындалуына байланысты босатылды.
16.01.2006 жылдан 07.04.2008 жылға дейін – Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы. Басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан шығарылды.
07.04.2008 жылдан 04.01.2012 жылға дейін – Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары. Басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан шығарылды.
04.01.2012 жылдан 01.08.2013 жылға дейін – Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы. Бөлімді қайта құру кезінде басқа лауазымға тағайындалуына байланысты атқаратын лауазымынан босатылды.
01.08.2013 жылдан 21.10.2013 жылға дейін – Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы. Лауазымға тағайындалуына байланысты босатылды.
21.10.2013 жылдан 12.05.2014 жылға дейін – ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімінің басшысы. Бөлімді қайта құру кезінде басқа лауазымға тағайындалуына байланысты атқаратын лауазымынан босатылды.
12.05.2014 жылдан 02.06.2014 жылға дейін – Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы. Лауазымға тағайындалуына байланысты босатылды.
02.06.2014 жылдан 04.01.2018 жылға дейін – Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастарының басшысы. Бөлімді қайта құру кезінде басқа лауазымға тағайындалуына байланысты атқаратын лауазымынан босатылды.
04.01.2018 жылдан 17.08.2018 жылға дейін – Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы. Бөлімді қайта құру кезінде басқа лауазымға тағайындалуына байланысты атқаратын лауазымынан босатылды.
17.08.2018 жылдан 20.12.2018 жылға дейін – Егіндікөл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы. Басқа лауазымға ауысуына байланысты атқаратын лауазымынан босатылды.
20.12.2018 жылдан 28.03.2023 жылға дейін – Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары.
30.03.2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін-сегізінші сайланған Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы.
